Үйге кіретін несібе әйелдің қолында Баяғыда дейді, баяғыда, бір бағбан өмір сүріпті. Әйелі екеуі шағын ғана бақшасында өсіп тұрған алма ағаштарын күтіп баптап, күз айында жемісі толықсып піскенде жинап-теріп жұпар иісін бұрқыратып базарға апарып сатып содан түскен ақшаға күндерін көреді екен. Бірде сол еңбекқор бағбан алма пісетін уақытта төсек тартып жатып қалыпты. Ұзағырақ ауырса керек, барлық піскен алмасын шірітіп алады. Енді не істемек керек? Алда қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. Жейтін нан керек. Әйелі екеуі ақылдаса келе, барлық пісіп шіріп үлгерген алмаларды жинап арбаға артып базарға сатуға шығарайық деген шешімге келеді. Ертесі арбасын алмаға толтырып бағбан базарға қарай бет түзейді. Ал әйелі, асқан сүйіспеншілікпен "отағасы, бәрі жақсы болады, уайымдама" деп шығарып салады. Содан бағбан жолда келе жатып бір саудагерге жолығады.Шірік алманы сүйрелеп жүрген мұны көрген ол: - Әй, ақымақ, сенің шіріген алмаңды ешкім сатып алмайтынын білемісің? - дейді кекесінмен. - Иә, білемін - дейді бағбан, амалымыз жоқ, осыны сату керекпін, әйтпесе әйеліміз екеуміз аш қаламыз - Үйіңе қайт одан да, бәрібір сата алмайсың, сенің бүгін әйелің жақсылап сазайыңды беретін болды ғой- дейді саудагер қарқылдап күліп. - Оо, олай дей көрмеңіз, мен әйелім ұрсады деп мүлдем алаңдамаймын, біле білсеңіз менің әйелім алтын, ол мені шынайы жақсы көреді, басымнан қандай жағдай өтсе де мені сол күйі қабылдайды- деп тіл қатады - Олай болуы мүмкін емес - дейді әлгі саудагер сеніңкіремей - Мүмкін, менің әйелім алтын - деп бағбан қысқа қайырады Бұл сөздеріне кәдімгідей ашуланған саудагер "одан да екеуміз бәстесейік, әйеліңе менің көзімше мына шіріп кеткен алмаларыңның өтпей қалғанын айтасың, егер әйелің ұрыспаса мен саған бір қапшық алтын берем, сол алтынды жаратып қыстан шығасыңдар, еркектік сөзім, ал егер әйелің ұрыс-керіс шығарып жанжалдасса сен маған мына арбаң мен атыңды бересің" дейді саудагер - Келістік пе? - Келістік Бәстескен бағбан мен саудагер үйге оралады. Алдарынан күлімдеп әйелі шығады - Мына алмалар өтпеді, биылғы қыс екеумізге ауыр болады-ау- дейді бағбан - Олай демеңіз, неге таусыласыз, бәрін қойшы, ең бастысы сіз үйге аман-есен оралдыңыз, онымен қоса қонақ ерте келіпсіз, жол жүрем деп шаршаған боларсыздар, қолдарыңызды жуып, дастарқанға жайғасып, дәмнен алыңыздар- деп қолына жылы су толы құманын көтеріп жүгіріп келген әйелге таң қалған саудагер әйелдің бұл қылығын жасанды, сырт көз үшін істеген қойылымы деп түсінеді. Дастарқан басында әңгімелесіп отырып саудагер шіріген алмалардың базарда өтпей қалғанын айтып, қыста енді не жейсіңдер деп қайта-қайта айтып қозғай береді. Ал бағбанның әйелі болса "бәрі жақсы болады, қазір маңыздысы үйге келіп отырған қонақтың жағдайын жасау, барымыз осы, қысылмай ішіп-жеп отырыңыз" дейді. Осыдан соң саудагер өзінің бәстен жеңілгенін түсініп, қалтасындағы бір қапшық алтынды шығарып былай дейді: - Иәә, бұл дүниеде көп нәрсені көрген едім, бірақ мұндай алтын әйелді алғаш көруім, міне ақшаң, екеуің бақытты өмір сүріңдер, мен жеңілдім - деп мойындапты... "Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен сыналады" деген екен бұрынғылар #Әйел ерімен, диқан жерімен #Береке келіннен, Нан егіннен Аудионұсқаның желісі бойынша жазылды #БөріліБАЙРАҚ

Теги других блогов: продвижение SEO Google